ТүркПА референдумды бақылайды

(0 Votes)

Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Рамиль Хасанмен кездесті.

СІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазақ дип­ломаты жалпы түркілік байланыстардағы ТүркПА-ның маңызын атап өтіп, ұйым қызметінің одан əрi жүйелене түсетiнiне сенім білдірді. Әңгіме барысында Әлім Байел Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда еліміздің жаңа Конституциясын қа­былдау жөнінде рес­пуб­ли­калық референдум өткізу тура­лы Жарлыққа қол қойғанын атап өтті. Осыған байланыс­ты елші Рамиль Хасанға Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың алдағы референдумға байқаушы ретінде қатысу шақыртуын табыстады.

Өз кезегінде ТүркПА Бас хатшысы шақыру үшін алғысын білдіріп, ұйым делегациясы референдумға халықаралық байқаушылар ретінде белсенді түрде қатысатынын жеткізді. Бас хатшы елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жоғары баға беріп, қонақтарды ұйымның 2026 жылға арналған жоспарымен таныстырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT