АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Boeing» корпорациясының басшылығымен кездесті.
Жиында елімізге жыл соңына дейін АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу мақсатында «Boeing 787 Dreamliner» ұшақтары жеткізілуі жоспарланып отырғаны айтылды.
Сонымен қатар, SCAT компаниясы қосымша «Boeing» әуе кемелерін сатып алмақ. Сондай-ақ, Шымкент әуежайында америкалық корпорациямен серіктестік аясында техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылуда.
Бұл қадам Қазақстан мен АҚШ арасындағы әуе қатынасын жеңілдетіп, халықаралық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ
Сурет: ЖИ-мен жасалған



