Біздің міндет – халыққа қызмет!

Рейтинг: 0 / 5

Бүгінде мемлекеттік қызметті мінсіз атқару үшін аз жұмыстар жасалып жатқан жоқ.

Қызметке жаңа келген жас мамандар жұмысын тек төменгі лауазымдардан бастау талабынан бөлек, бірден Әдеп кодексімен танысып, ондағы талаптарды қатаң ұстануы тиіс.Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты кәсіби-этикалық талаптар, мінез-құлықтың жалпы стандарттары белгіленген. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – халыққа адал қызмет ету. Бұл жолда олар алдына келген жанның мүддесін жоғары қойып, әділ шешім қабылдап, қарапайымдылық, адамгершілік қасиеттерін танытуы тиіс. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, кез-келген адамның мұң-мұқтажын дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз.

Қоғамда адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, әр ортада белгілі бір этикетті сақтайды. Этикет дегеніміз – тәртіп сақтау ережелері. Күнделікті өмірдің, қызметтің этикет принциптері болады. Қызмет орнында өзін-өзі ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киімінің тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл әрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу, анық әрі түсінікті, жүйелі сөйлей білу – қызметкердің кәсіби этикалық құндылықтарына жатады.

Бүгінгі таңда қолданыстағы Әдеп кодексіне сай, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне, іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылай бастады. Олардың әрқайсысы халықтың алдында мемлекеттік қызметтің бейнесін көрсететінін естен шығармауы керек. Өйткені, оның кәсіби және жеке басының қасиеті арқылы барлық мемлекеттік органдардың жұмысы бағаланады. Сондықтан, өзімізге жүктелген жауапкершілікті абыроймен орындауға тырысайық!

А.Ғалиханов,

Байда ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика