Бұқараның тілегі – билік назарында

(0 Votes)

Байда ауылдық округінде болған аудан әкімі мұндағы ауыз су құбырларын тарту жұмысымен танысты.

76

Мердігер мекеме өкілі Котяев пен Кудряшов ауылдарының арасына құбыр салынып жатқанын, келесі жылдың аяғына дейін жұмысты бітіретіндерін жеткізді. Құбырлар 1 метр 80 см тереңдікте салынуда. Ауылда жаңа медпункт салынғаннан кейін оның бұрынғы ғимараты бос тұр. Іші жөнделіп, еденіне линолеум төселіпті. Округ әкімі Жүсіп Төреғалиев алдағы уақытта мұнда жарық пен газ тартылып, ардагерлер, аналар кеңестеріне, шаштаразға орын беріледі. Ауылдың сәнін кіргізіп тұрған орталықтағы жаңартылған обелискіні де көрген лауазым өкілдері жасалынған жұмысқа оң бағаларын берді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Якуб Исмағұлов еліміздің батыс қақпасы саналатын ауылдағы атқарылып жатқан игі істерге риза екенін жеткізіп, байдалықтардың сұрап жүргені елді мекеннің бас жоспарын өзгерту қажеттігін тағы бір еске салды. Өйткені, жаңа мектеп, балабақша басқа да әлеуметтік нысандар салатын орын жоқ.

– Әлі де атқарылатын жұмыстар жетерлік. Тұрғындардың жайлылығын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық мәселелерді біртіндеп шешетін боламыз, – деді аудан басшысы Қайрат Талапұлы.

82

Округтегі Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектепте 340 оқушы бар. Оның 156-сы кезекші сынып, 184-і онлайн арқылы білім алуда. Сапар барысында мұндағы онлайн оқудың жүру барысы таныстырылды. Бұдан кейін «Құрманғазы» шекаралық өткізу бекетінде болған аудан басшысы шекара бастығы Болысхан Нұғмановпен оның ішін аралады.

08

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT