Ауғанстан аумағынан әскерлердің шығарылуы жыл сайын 15 ақпанда атап өтіледі, өйткені дәл осы күні 1989 жылы Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы бөлімшелері Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан шығарылды.
Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 34 жылдығына орай "Ауғанның от жалыны" атты Ауған соғысы ардагерімен кездесу өтті. Шара қонағы Сиғашев Ғабит Латифұлы оқушыларға бастан өткен оқиғаларын айтып берді.
Келген қонағымызға мәдениет үйінің өнерпаздары, Шортанбай және Ш.Уәлиханов орта мектебінің оқушылары ән арнап, өз өнерлерін көрсетті. Әскери қызметке қызығушылары бар оқушылар сұрақтарын қойып, қонағымыздың қолынан алып, жылы лебіздерін білдірді.
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен каһарман жерлесімізге мың алғыс!
Шортанбай ауылдық округ әкімі аппараты ММ