Ақкөлден ҰБТ-ға қатысатын 22 оқушыға қандай жағдай жасалмақ?

(0 Votes)

Аудан әкімдігінде облыс аумағында енгізілген карантин мен шектеу кезеңінде Құрманғазы ауданындағы объектілердің қызметтерін қайта бастауға дайындығын бағалауды жүргізу арқылы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен құрылған аудандық мониторингтік топтың отырысында аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева ҰБТ тапсыратын түлектермен жұмыс қалай ұйымдастырылғалы отырғанынан хабардар етіп: – Ақкөл ауылынан ҰБТ-ға 22 оқушы қатысады.

Оны сол жерде өткізуге мүміндік жоқ. Сондықтан аудан орталығына әкелеміз. Оларды 16 пәтерлік тұрғын үйге орналастырғымыз келген, онымен ата-аналары қарсы болды. ҰБТ 22-сі мен 26-шы маусымда өтеді. Сонымен қатар осы айдың 25-26-сы күні Атырау қаласында олимпиада ұйымдастырып жатыр. Биыл оған облыстан 30 бала қатысуы керек.

Маған балаларды апару үшін ғана бірнеше автобус керек. Себебі ара қашықтықты сақтауға тиіспіз. Автобустар 26 күні ҰБТ-ға оқушыларды тасымалдауға да қажет. Осы мәселені облыстағы басшылық арқылы реттеп берулеріңізді сұраймыз, -деді. Аудан әкімінің орынбасары Ж.Хасанов бұл мәселені шешуге жұмыстанатынын жеткізді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521