Елімізде кредиттерді төлеу мерзімі ұзартылды

(0 Votes)

Қазақстандық бизнесмендерге мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдетілген шарттары бойынша несиені кейінге қалдыру немесе қарызды қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілді.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова ТЖ режимі кезінде Қазақстанда 1 млн 890 мыңнан астам азаматқа несие төлемін кейінге қалдыру мүмкіндігі берілгенін мәлімдеді. «Экономикалық белсенділіктің құлдырау жағдайында агенттіктің басты міндеті – экономиканы несиелеуді қолдау және бизнес тарапынан несиелік ресурстарға қолжетімділіктің төмендеуіне жол бермеу. Төтенше жағдай кезінде агенттік қаржылық қиындыққа тап болған халық пен бизнеске қолдау көрсету үшін бірқатар шара қабылдады.

16 наурыз бен 15 маусым аралығындағы кезеңде жеке тұлғалар, ШОБ субъектілері үшін несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді. Бұл кезеңде 1 млн 890 мыңнан астам адамның немесе барлық қарыз алушы жеке тұлғаның 34 пайызының төлемдері кейінге қалдырылды», — деді Мадина Әбілқасымова Үкімет отырысында.

Оның айтуынша аталған төлемдер сомасы 268 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ, несиені қайта құрылымдау үшін 12,4 мың ШОБ субъектілері жүгінді-бұл банктік несиелері бар ШОБ қарыз алушыларының 41,5 пайызы. Қайта құрылымдалған төлемдердің жалпы сомасы — 165 миллиард теңге.

Дереккөз: https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2020/06/23/151990/

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521