Әбілмансұр Батырғали күміс жүлдегер атанды

(0 Votes)

Қазақстан құрамасы каратэден ТМД елдерінің II ойындарында төртінші алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Беларустің Могилев қаласында өтіп жатқан ТМД елдерінің II ойындарында каратэден жарыстың бірінші күнінде құрама сапында бақ сынасқан жерлесіміз Әбілмансұр Батырғали 75 келі салмақ дәрежесінде II орын иегері атанды.

Айта кетсек, Ә.Батырғали карате-додан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жастар арасындағы Әлем чемпионы.Ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521