Өткен мен болашақтың алтын көпірі

(0 Votes)

Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатта мұражай ашылды. Мектеп өмірінде ерекше орыны бар бұл тарихи-өлкетану мұражайы бірнеше басты бағыттарды қамтиды.

Алғашқысында З.Серікқалиұлының туғанына 80 жыл толуына орай көрнекті сынып шығармаларының толық жинағына шолу жасалып, сыншылар мен қаламгерлер Ә. Бөпежанова, А.Ісмақова, Қ.Мырзаәлі, Н.Оразалин, С.Жұмабектің жерлесіміз жөнінде білдірген пікірлері жинақталған. Келесі бөлімдер мектеп-интернатта әр кезеңдегі директорлар мен білім ісі жөніндегі орынбасарлар жайлы, білім ұясыны тарихында өзіндік орыны бар ағарту саласындағы озық қызметкерлер туралы сыр шертеді. Кейінгі бөлімдер «Құрманғазы ауданының құрылу тарихы», «Туған өлкені түлеткендер» деп аталады. Өздеріңіз байқап отырғандай бұл бөлімдер туған топырағымыздың тума таланттарын - Құрманғазы, Дина, Бақыт Қарабалинадай күйшілерді, Әбу, Жұмекен сынды ақындарды ұлығылауға арналған. Мұнда «Құрмет кітабы» қойылған. Бүгінгі таңда кітапқа мектеп басшылары енген. Алға қарай педагогикалық кеңестің шешімімен шығармашыл ұстаздар да оған енеді. Білім шаңырағындағы жаңалық жаршысы ай сайын шығатын «Мектеп тынысы» газеті. Өткен игілікті іс-шаралар, құжаттар, ұстаздар мен жас тілшілердің туындылары осы газетте жарық көреді. Осы арқылы жас буынды шығармашылыққа баулып, қияға қанат қақтыру мақсаты көзделген. Өткен мен болашақтың алтын көпірі іспетті бұл мұражай жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда әсері шексіз екендігі даусыз шындық.

Ақтілек АБАЕВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT