Ұлттық сананың сілкінісі

(0 Votes)

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы сәуір айында жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты айтулы бағдарламалық мақаласында бүгінгі өте жедел қарқынмен дамып бара жатқан өзгермелі заманда адамдардың сана-сезімін уақыт ағымына лайықтап қайта түлету мәселесін көтергені және онда қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі де айтылғаны баршаға аян.

Әрине, бүгінгі ақпараттық технологияның өте шапшаң дамып жатқан кезінде – латын әліпбиіне көшу бізге дамыған технологияларды меңгеруге және қазақ тілінің өрісін кеңейтуге үлкен септігін тигізетіні анық. Өйткені, қазір әлемдік ақпараттардың 70 пайыздан астамы латын әліпбиімен беріледі екен.

Осыған орай, Құрманғазы ауданына ат басын бұрған белгілі қоғам қайраткері, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің бас директоры Оразкүл Асанғазы бастаған топ «Халықты жаңа қазақ әліпбиіне үйрету» жөніндегі көшпелі семинар-тренинг өткізді. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде жүзеге асқан семинарды аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев ашып, топ құрамымен таныстырды. Тренингті қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы жүргізді.

– Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады, - деген ол қазақ тілінің мәртебесі мен құдіреті жөнінде әсерлі әңгіме өрбітті.

Филология ғылымының кандидаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Көп тілді дайындық» кафедрасының меңгерушісі Жұмазия Абдрахмановалатын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілікті, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістерді жан-жақты талқы¬лады. Жаңа латын әліпбиінің сингармологиялық талданымы бағытында кеңірек түсіндіріп, тіліміздің құрылымына нұқсан келтіретін әліпбиден аулақ болу керектігін сөз етті.

– Қазақ тілінде 26 (28) төл дыбыс бар, оның сыртынан басқа дыбыс іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Содан кейін кірме таң¬балар төл әліпби тізбегіне енбейді. Қазақ әліпбиі – бір дыбыс бір таңба болу керек, – дейді ол. Семинар барысында жиналғандар келген қонақтарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT