Ұлт көшбасшысымен ұлағатты сәт

(0 Votes)

Біз тәуелсіз елде, бейбіт заманда өмір кешудеміз.  Сол тарих беттерінде өзіндік із қалдырған, тәуелсіз елдің төрге шығып, дамыған елдердің қатарынан көрінуіне себепші болған тұлғалар жетерлік.

Бұл ретте, 30 жылға жуық ел басқарып, сарабдал саясаты арқылы талай сынды еңсерген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың орны ерек. Тұңғыш Президенттің тұшымды бастамаларымен елде оң өзгерістер орын алып, игі істер әлі де жалғасын тапты. Ал осындай сәтте Елбасымен кездесу екінің біріне бұйырмайтыны белгілі. Осыдан бірнеше жыл бұрын Атырау облысының, Махамбет ауданына Елбасы арнайы келіп ауыл кәсіпкерлерімен жүздескен болатын.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бір ауыз сөзі кез келгеннің жүрегінен жол тауып, адамның бойына ерекше күш бітіретіні сонша, сол кездесуді әрдайымөзім еске алумен жүремін. Өйткені, бұрын теледидардан көріп, сөздерін ақпарат беттерінен оқып жүрген өзіме бүкіл әлем мойындап отырған Елбасын ыждаһаттылықпен тыңдау бақыты бұйырғанына мен қатты қуандым. Әрі Тұңғыш Президентіміздің ел өмірінің сан саласынан да, әр аймақтың тек өзіне тән ерекшеліктері мен кемшін тұстарынан да хабардар болуы мені қатты таңғалдырды. Дүниежүзі елдерімен қарым-қатынас мәселелері мен әлемнің әр түкпіріндегі болып жатқан жағымды-жағымсыз оқиғаларға өз пайымдауын барынша батыл айтатын Елбасымыз, ел ішінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді талқылауға келгенде де алдына жан салмайтынын бұл жолы да тағы байқатты. Ауыл еңбеккерлерінің ой-пікірлерін тыңдап, оларға жауап қайтарған Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымды да парасатты сөзі қарапайым ауыл азаматы маған ұнамды әсер қалдырып, жігеріме жігер, ісіме қуат қосты десем артық болмас. Тұңғыш Президенттің үнемі айтып жүргеніндей, ауылды өркендету, шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті дамыту – республикада ұстанып отырған басты бағыттардың бірі болуы біздей ауылдың мұң-мұқтажын өтеуге аз да болса септігін тигізіп жүрген азаматтарға нақтылы қолдау деп түсінемін. Нұрсұлтан Әбішұлының сол кездесуде: «Қазақстанның барлық облыстарының орталықтары күн санап көркейіп, дамып келе жатыр, бірақ солардың ішінде Атыраудың бүгінгі ажары мен бейнесіне тең келері жоқ» дегені көңілге қуаныш ұялатқандай. Мұнайлы өңірдің қарыштап дамыған экономикасы мен өндірістік нысандардағы іс-қимыл барысына деген разылықты Елбасының сөзінен де жанарындағы жарқын нұрдан да аңғару қиын емес-ті.

Сапар барысында облыстық газеттерге берген жедел сұхбатында өзіне қойылған «Ендігі жерде мемлекет ауыл адамдары алдында қандай міндеттер қойып отыр?» деген сауалға берген жауабында Елбасы «бірінші кезекте біз өзімізді күшті сезінетін өндірістерді дамытып, экспортқа шығарылатын тауарларды өндіруді жолға қоюымыз керек...» дей келе, ауыл тауар өндірушілерінің басты-басты проблемаларына тоқталып өтті. Кездесуде кәсіпкерлер мен шаруагерлер Нұрсұлтан Әбішұлымен пікірлесе отырып, мал, балық, егін шаруашылығындағы, шағын және орта бизнестегі шешімін күтіп тұрған түйіндерді тарқатты. Елбасының қоштасар сәтте айтқан «өлке жұртшылығына, елді басқарып отырған азаматтарға, барша атыраулықтарға баянды бақыт, жарқын болашақ тілеймін», деген жүоекжарды тілегі бәрімізді жаңа белестерге, жаңа игі істерге құлшындырды. Осындай шынайы қамқорлыққа тиянақты іс-қимылмен жауап беріп, ауылды түлетуге өз үлесімізді қосуға тырысып келеміз. Өйткені, қазақ халқының нағыз егеменді ел атанған шағында маңдайына біткен біртуар абзал азаматы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елімізді қарышты қадаммен алға сүйреген әрбір бастамасына, игі істеріне толықтай қолдау көрсету, орындалуын қамтамасыз ету ханның да, қарашаның да ел алдындағы азаматтық борышы екенін түсіндім.

Ауданымыздағы “Каспий Балық» өндірістік кооперативі осы кезге дейін ауланған балықтардың басым бөлігін шет елдерге мұздатылған, салқындатылған, кептірілген күйінде өңдеп, Еуростандартқа сай жіберуде. Соңғы жылдардағы жетістіктерімізге тоқталсақ, кооператив балық өнімін өңдеу, тоған шаруашылығын дамыту үшін Ресей Федерациясынан инвестор тартты. Өндірістік кооператив инвестормен бірлесіп, Бірлік​ ауылынан балық өндеу цехын ашты. Жобаның құны – 200 млн теңге. Цехта​ тәулігіне 30 тоннаға жуық балық өнделеді.Біз мұнымен тоқтамаймыз. Алдағы уақытта да жүзеге асыратын жоспарларымыз көп.

Жұмажан Шакупов,

«Каспий-Балық» өндірістік кооперативінің төрағасы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT