Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы бойынша Құрманғазы ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай округтер арасында елді мекен тарихын бейнелейтін «Қойнауы тарихқа толы мекен - Құрманғазы» тақырыбында көрме–байқаулар жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының мемлекеттік инспекторы Е.Бөлекбаев Атырау облысына іс-сапары барысында музеефикациядан өткен Құрманғазы аудандық музейінде болып, оның базалық жұмысымен танысты. Бұл жолы Кудряшов, Байда, Шортанбай ауылдық округтерінің таныстырылымына арналды. Музей қорына Байда ауылдық округі ескі шабадан, радио, Кудряшов ауылдық округі 1939-1941 жылдары балық өнеркәсібінің министрі болған Шайхы Әбішевтің телефонын, 1872 жылғы жез самаурынын, жазу машинкасын көпшілікке таныстыра келе, одан әрі насихаттау мақсатында музейге сыйға тартты. 19 округтің көрмесі ауданның 90 жылдық мерейтойы сәтінде халық назарына ұсынылып, байқау қорытындысы бойынша «Үздік көрме» аталымы өз иесін табатын болады.
Ақтілек АБАЙҚЫЗЫ.