Дәурен Абаев: «Атырау өңірі – Алтын Орданың тарихи мұрасын зерттеу ісінде маңызды орталық»

(0 Votes)

"Осыдан бір апта бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлық ұлыстың негізін қалаушы Жошы хан жерленген жер - Ұлытаудағы тарихи – мәдени кешенінде болды. Осы айтулы оқиғаның эстафетасын қабылдай отырып, қазақ және әлемнің әр түкпірінен тарихшы ғалымдарды жинап, қасиетті Атырау жерінде, Орта ғасырдағы ұлы империяның мұрасын талқылау және пайымдау үшін жиналдық", – деді ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев "Ұлы ұлыс - Алтын Орда" халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, Атырау-жай ғана мұнай астанасы емес, ол біздің ұлан-байтақ Отанымыздың Батыс шебі, ел тарихына орасан зор үлес қосқан даңқты батырларды халыққа сыйлаған жер. Атырау Алтын Орда мұрасын зерттеудің негізгі орталықтарының біріне айналуға тиіс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521