Бұл көненің көзіндей жәдігер сурет Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі Рысқалиев Нұрлығайын Сайыпұлының отбасылық жеке мұрағатынан алынып отыр.
Майдангер әкесі Сайып пен даңқты ұшқыш, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова аталас немере екен. Сурет 1963 жылы күзде түсіріліпті. Түрегеп тұрған көзілдірікті адам Сайыптың туған ағасы, белгілі азамат Ахмеден Рысқалиұлы. Қалпақты адам майдангер Латиф Мұхтарұлы Сәрсенов. Ортада отырған Хиуаз Доспанованың өзі. Хиуаздан оңға қарай екінші бала екі жасар Нұрлығайын. Батырдың бұл суреті оның бізге жерлес екендігін әйгілеп тұрғандай. Есмұхан ЖАНИЗИН, Жұмекен ауылы.