«Жыр құдіреті – Жұмекен»

(0 Votes)

Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйінде ҚР Мемлекеттік Гимні авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтің туған күніне орай «Жыр құдіреті – Жұмекен» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізілді.

Жүректерді жырмен тербеген ақынның шығармашылығы насихатталған шараға Жұмекен Нәжімеденовтің туған қарындасы Жаңылсын Сабырқызы, туысы Зоя Әмірқызы қонақ ретінде шақырылды. Олар ағаларымен бірге өткізген жарқын күнді сағынышпен еске алып, шараны ұйымдастырушыларға зор ризашылықтарын білдірді. Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жаңылсын Жанғабылқызы ақынның өлеңдерінен үзінділер келтірді.

Байқауға мәдениет үйінің директоры Амантай Ғайнеденұлы, Д.Нұрпейісова атындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі Шәйзат Амангелдіқызы және Ж.Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлері республикалық байқауының І орын иегері Жаңылсын Жанғабылқызы қазылық етті. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Үміткерлердің барлығы да жоғары дайындықпен келген. Иса Мүтиғолла, Назерке Қанатқалиева және Нұрбек Жастілекұлы сынды қатысушылардың көркемсөз оқу шеберліктері көпшіліктің көңілінен шығып, нәтижесінде олар өзара жүлделі орындармен бөлісті. Кеш соңы ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Ақжеміс Наушабайқызы,

Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT