Шортанбай ауылдық мәдениет үйінде округ әкімі аппараты және мәдениет үйінің ұйымдастыруымен PH.D дәрежесінің иегері, Бельгия мемлекетіндегі Монс университетінің постдокторанты, нанотехнология, сутегі өндірісі ғылымы саласының маманы, жас та болса тәжірибесі мол ғалым, жерлес Әбдірахманов Асан Рамазанұлымен кездесу кеші өтті.
Кездесуге ауыл тұрғындары, ауыл жастары, алғаш білім берген мектеп ұстаздары және де ардагер ұстаздар қатысты. Шара барысында жас ғалым студенттік шақтың әдемі естеліктерімен, ғылым жолындағы ізденістері, отбасылық өмірі және ғылыми еңбектері туралы айтып өтті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ғалымға түрлі сауалдар қойылып, әсерлі әңгіме өрбітті. Кеш барысында округ әкімі М.Ғұмаров сөз алып, жас ғалымға жүрекжарды тілегін айтып, естелік сыйлық табыс етті.
Соңымен бірге, мәдениет үйінің директоры Б.Середенов, мектеп директоры С.Зинуллина, алғашқы ұстазы Қарасаева Румия Тілешқызы, Қаппазова Нұрсұлу Елеуқызы, ардагер ұстаз С.Жүнісова ауыл ардагері А.Махахов өз тілектерін білдіріп, алдағы игі бастамаларына сәттілік тіледі.
Кеш соңында, шара қонағы Асан Рамазанұлы ұйымдастырушыларға өз алғыс-ризашылығын білдірді.