Жеті мәрте Қазақстан чемпионы

(0 Votes)

Соңғы жылдары ауданымыздың даңқын асқақтатқан жас спортшыларымыздың қатары артып келеді. Олардың әрбір жеңісі ауданымыз үшін мерей.

Міне, тағы бір жағымды хабар жалаулатып жетті. Жақында Шымкент қаласында дойбыдан Қазақстан чемпионаты өткен болатын. Оған еліміздің әр өңірінен ондаған жас спортшылар қатысып, бақтарын сынады.

Ауданымыздың намысын қорғаған Амира Есенғұл чемпионатта топ жарып, 7-ші мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Қазақстанның 5 дүркін чемпионы, құрманғазылық Айару Есенғұл өзінен үлкен 2012-2014 жылғы жастармен ойнап, чемпионаттың күміс жүлдесін иеленді. Қазақстан чемпионы Амира Есенғұл алдағы қараша айында Түркияның Анталия қаласында өтетін әлемдік сайыста ел намысын қорғағалы отыр. Кішкене спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушылары Ернар Қаражанов. Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас дойбышыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік серік болып, жеңісті жолдары жалғаса берсін!

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT