Жерлестеріміз олжалы оралды

(0 Votes)

Алматы қаласында пара нысана көздеу спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Дүбірлі додада бақтарын сынаған ауданымыздың спортшылары Биғайша Махаева І орынды қанжығасына байласа, Фариза Үсенова ІІІ орыннан көрінді. Үздік өнер көрсеткен мерген жерлесіміз Биғайша нысана көздеуде жоғары ұпай жинап, өзге аймақтардан келген мықты қарсыластарын жолда қалдырды.

– Мен өз нәтижеме өте қуаныштымын. Бұл жарысқа тыңғылықты дайындықпен келдім. Соның арқасында үздіктер қатарынан көрініп, алтыннан алқа тақтым, - дейді жеңімпаз.

Жалпы, Биғайшаның спорттың бұл түрінен ұйымдастырылған турнирлерінен олжасыз оралған кезі болған емес.

Ал, бұл жолы ІІІ орынды қанағат тұтқан Фаризаға алдағы жарыстарда жеңістің тұғырынан көрініп, жеңімпаз болуды тілейміз.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521