Даумов Ғасырбек Ғилажұлының туғанына 75 жыл толуына орай қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен облыстық ашық турнирге Атырау облысының 7 ауданынан және Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарынан командалар қатысып, 500-ге жуық спортшы бақ сынады.
Турнирге Бөкейхан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің палуандары да қатысып, 55 келі салмақ дәрежесінде Рахмет Бақдаулет жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жаттықтырушысы Айталиев Саламат. Сондай-ақ, 38 келі салмақ дәрежесінде Дюсенов Нұрасыл І орын алып, 42+кг салмақта белдескен палуанымыз Асылбек Қайсар жүлделі ІІІ орыннан көрінді. Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Мұхитов Еркінбек.
Осындай керемет палуандарды тәрбиелеген жаттырушыларға ризамыз алдағы жарыстарда жеңісті жолдары жалғаса берсін.
Ғайса Ринат,
Нұржау ауылы