Жеңіспен оралған жастар

(0 Votes)

9-11 сынып оқушылары арасындағы кіші аяқ добынан республикалық турнир Шымкент қаласында өтіп, оған ауданымыздың жас спортшылары қатысқан болатын.

Тартысты өткен ойын нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы  жалпы орта мектебінен құралған қыздар тобы жүлделі ІІІ орынға ие болып, ұлдар командасы үздік алтылық сапынан көрінді. Облыстың  намысын қолдан бермеген футболистердің жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Асхат Тұрдалиев пен Ербол Рысқалиев, құрамы: Аңсар Мырзабеков, Әл-Фараби Қайредени, Жеңісбек Жақсымбетов, Ерғанат Қабиденов, Нұрғанат Қабиденов, Асылхан Болат, Саят Ғалымжанов, Дидар Қуанышев, Данат Ерген, Нұрбол Ғарифоллаев, Мұрат Арманов, Ырысбек Уазихов, Диас Марксов, Надир Ғайнел, Нұрболат Абуов пен  Мағжан Шұғайып.

zheispen-oralan-zhastar

Қыздардан: Аяулым Асхат, Азина Асхарова, Асылай Бейілханова,Гүлсая Қайратқызы, Ақерке Оразова, Гүлбақыт Еркінқызы, Шұғыла Қадырова, Дильназ Наурызбай, Замана Саясатова, Аружан Сапарғалиева, Алима Қайратқызы, Аяулым Талғат, Самал Ислямғалиева мен Ажар Дауренқызы.

zheispen-oralan-zhastar-2

z

Оңтүстіктен жеңіспен оралған шәкірттерді ауданның бас ұстазы Гүлфара Өтемісқызы мен аудандық балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубының директоры Нұрболат Утегенов пен мамандары, Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебінің директоры Алтын Каменова мен ұжымы, ата-аналар, оқушылар, Жаңаталап ауылдық округінің тұрғындары салтанатты түрде қарсылап, аудан мақтанышына айналған жас өрендерге жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

 

Жайдарлым Еркебұланқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT