Жеңіс шыңында – Жаңаталап жастары

(0 Votes)

Күй өңірінде алғаш рет – жастар футбол чемпионы атанды.

Атырау қаласында алты ауданнан келген жасөспірімдер арасында тартысты ойын өтті. Футболдан оздырылған облыстық турнирде өңіріміздің 9-11 сынып арасындағы ұлдар командасы І-орынмен Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін республикалық ойынға жолдама алды. Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушыларынан құралған команда ойыншылары ақырғы финалда мақаттық спортшылармен кездесіп, 5:4 есебімен ұтып, облыс чемпионы атанды. Әл-Фараби Қайредени – «Үздік ойыншы», Дидар Қуаныш – «Үздік қорғаушы» атанса, Мағжан Шұғайып – «Үздік қақпашы» және Данат Ерген – «Сұрмерген» атағын иемденді. Ал, теңбіл доптың тегенін түсірген бұл топтың жаттықтырушылары– Ы.Алтынсарин атындағы ЖОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Асхат Тұрдалиев пен Ербол Рысқалиев, ойыншылардың елордада өтетін ақтық сында оқ бойы оза шығарына сенім білдірді.

Аудан атын асқақтатқан футболшыларды жеңісімен құттықтап, алдағы ойынына сәттілік тілейміз.

Жайдарлым ҚАЙРЕДЕН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521