Жастар - спорт жанашыры

(0 Votes)

Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебінің  51-ші түлектері футболдан ауыспалы Хиуаз ауылының кубогын ұйымдастырды.

Оған 7 команда қатысып, тартысты ойында бақ сынасты. Екі күнге созылған кубокте 1987 жылғы жастар командасы ІІІ орынды еншіледі. Ал, «Ауыл жастары» тобына ІІ орын бұйырды.  Жүлделі І орынды 1995 жылғы жастар командасы иемденді. Айта кетейік, 1995 жылғы жастар 2010 жылдан бері бұл орынды үзбей қанжығалап келеді.

Сонымен қатар, жарыста үздік ойын көрсеткен спортшыларға да арнайы сыйлықтар табысталды. «Ең әдемі гол» номинациясымен Жасұлан Шұғайыпов, «Ең үздік қақпашы» Нұрғиса Қуанышбаев, «Ең үздік қорғаушы» Абдурахман Даушов, «Ең үздік ойыншы» Мейрамбек Минажов және  «Ең үздік сұрмерген» атағымен жас талант Дидар Қуанышұлы марапатталды. Әділ төрелікке арнайы шақыртылған Нұрбай Мнафиховқа «Ең үздік төреші» атағы берілді. Оған қоса, футбол жанашыры, ауыл жастарының арасында бұл ойынды насихаттап, дамуына ерекше үлес қосып жүрген Ануарбек Сабитовке ұйымастырушылар атынан арнайы алғыс хат берілді.

kirov-komandasy-1

Еске салайық, әр жыл сайын ұйымдастырылатын ауыспалы футбол ойыны биыл жоғары дәрежеде өтіп,қатысушыларға  алғыс хат, медаль және әр номинацияға сәйкес кубок табысталды.

 

Жайдарлым Қайреден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT