Жастар арасында спартакиада өтті

(1 Vote)

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында "Облыстық жастар арасында спартакиада" Құрманғазы жастарының қатысуымен тартысты өтті.  Шараның ашылу салтанатына аудандық спорт бөлімінің басшысы Мұқашев Алмаз Қайыржанұлы  спорт майталмандарына сәттілік тілеп,

Отанымызды әлемдік ареналарда мойындатуға, тиіспіз деп спортшыларымызға рух сыйлады.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға аудан жастары қатысып,  кіші футбол, ләңгі, үстел теннисі, қол күресі және волейбол секілді спорт түрлерінен өзара мықтыларды анықтады.

Бүгінгі шараның біз үшін маңызы жоғары. Өйткені, біз спартакиадаға белсене қатысу арқылы жастарымызды  зиянды әдеттерге қарсы өзіміздің көзқарасымызды білдіре алдық.

Спартакиада соңында белсене қатысып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген жекелеген ойыншылар мен жүлделі орындарға ие болған командалар, жеңімпаздар ұйымдастырушылардың арнайы дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521