Жас теннисшінің жеңісі

(0 Votes)

Еңбекші орта мектебінің 6 сынып оқушысы, Айнамкөз Мақсатқызы Құлсары қаласында өткен ауданаралық турнирде үстел теннисінен І орынды жеңіп алды.

Теннис жылдамдықты, ептілікті, қырағылықты қажет ететін ойын. Мұнда аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушысы Фарида Үсенованың да еңбегі бар. Шәкірті сенімін ақтады.

Айнамкөз бұған дейін де мерей биігінен көрінген. 2022 жылы Ақтау қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен республикалық жарыста ондаған спортшылардың арасынан топ жарып, ІІІ орын алып, ауданымыздың мерейін асқақтатты. Енді міне теннистен жеке және жұптық ойында дені сау балалармен бақ сынап, оқ бойы озды. Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Қайыржанұлының айтуынша жас қыз балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне өткен жылы келген. Содан бері өзінің спортқа бейімдігін көрсетіп, көзге түсіп жүр. Болашағынан үміт күттірер балаң спортшыға алар биіктерің көбейе берсін деген тілектеміз.

z

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика