ҚР мемлекеттік гимні авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовты еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өткен болатын.
Ел чемпионатына Өзбекстан Республикасының, еліміздің Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облысының жас боксшылары қатысты. Осы додада Шортанбайлық жас спортшы Сабитов Равиль Бауырбекұлы қатысып, Қазақстан чемпионы атанды. Соңымен бірге, осы жеңісі арқылы спорт шеберлігіне үміткер (кандидат мастер спорта) нормативін орындап отыр. Жас чемпион Сабитов Равиль Шортанбай ауылының тумасы. Шортанбай жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы. Бірнеше дүркін аудандық, облыстық жарыстардың жеңімпазы. Шортанбайлықтар атынан Равильды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы байрақты бәсекелерде еліміздің көк туын желбіретіп, әлем және олимпиада чемпионы болуына тілек білдіремін!
Шортанбай ауылдық округінің әкімі М.Гумаров