Жансерік - ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

(0 Votes)

ҚР мемлекеттік гимні авторларының бірі, белгілі ақын Жұмекен Нәжімеденовты еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Турнирге еліміздің бірнеше облысынан жас боксшылар қатысып өз бақтарын сынады. Осы додаға Шортанбайлық жас спортшы Бауырбекұлы Жансерік қатысып, Қазақстан чемпионы атанды.   Соңымен бірге, осы жеңісі арқылы спорт шеберлігіне үміткер (кандидат мастер спорта) нормативін орындап және "Үздік техникасы үшін" кубогімен марапатталды. Спортшының жетістігі - алдымен бұл бапкер еңбегінің нәтижесі. Осы жерде Шортанбай денешынықтыру кешенінің бокс үйірмесінің жаңадан келген жаттықтырушысы Сапаралиев Нұрланның қосқан үлесін айтып өткенде жөн.
Жас чемпион Бауырбекұлы Жансерік Шортанбай ауылының тумасы.
Шортанбай жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы. Бірнеше дүркін аудандық, облыстық жарыстардың жеңімпазы. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы өткен осы турнирде Жансеріктің туған ағасы Равиль жеңіске жетіп чемпион атанған болатын.

Шортанбайлықтар атынан Жансерікті жеңісімен құттықтай отырып, алдағы байрақты бәсекелерде еліміздің көк байрағын көкте желбіретіп, әлем және олимпиада чемпионы болуына тілек білдіреміз!

Шортанбай ауылдық округінің әкімі М.Гумаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT