«Жадыра» жарқырай көрінді

(0 Votes)

Ақтөбе қаласында өткен «Үкілім-ай» өнер байқауын «Platon» Халықаралық білім дамыту орталығы ұйымдастырды. Оған ауданымыздан Дәулеткерей атындағы балалар музыка мектебінің талантты оқушылары әр жанрдан қатысып, түрлі марапаттармен ұлығыланды.

Дәстүрлі әндер бойынша Н.Исаевтың шәкірттері М.Қалыбайұлы, Ж.Ислямғали, З.Сапарова, Б.Парасатқызы І, ІІ, ІІІ орындардан көрінді. Теория пәнінің мұғалімі М.Бабакиеваның оқушысы Э.Қожантаева вокал жанры бойынша ІІІ орын алды. «Шығарманы музыкалық аспапта» шебер орындағаны үшін С.Рахат І орынды иемденсе, А.Жетесова, М.Досболова, К.Нұрлан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Халықаралық өнер байқауына домбыра пәнінің мұғалімі З.Даумованың жетекшілігімен құрылған «Жадыра» ансамблі де қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Мен сол ансамбльдің мүшесімін. Бұдан бұрын да бірнеше өнер додаларында бағымызды сынап, жүлдегер атанған болатынбыз.

Жазира САЙФОЛОВА, домбыра сыныбының оқушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT