Жұлдызың жайнай берсін, Гүлжайна!

(0 Votes)

Талай таланттарды өмірге келтіріп, тұсауын кескен киелі Дәшін топырағының тағы бір түлегінің жұлдызы жарқырай көрінді.  Хиуаз ауылында 1991 жылы дүниеге келген Хасанова Гүлжайна Ғибатоллақызы бүгінде өнер көгіне талпыныс жасап жүрген талантты жастардың бірі.

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте білім алып,  сегіз жасында  Дәулеткерей атындағы балалар саз мектебіне барып киелі жолға қадам басты. Осындағы  домбыра  сыныбында оқып,  ұстазы Қалиев Өтежаннан дәріс алады. Ал оның күй өнерімен қатар дәстүрлі ән айтуға икемі  барын байқаған апайы Зайнагул Ізтелеуова болатын. Гүлжайна Ғибатоллақызының мамандығы дәстүрлі әнші-термеші. Д.Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледж оқыды. Ондағы ұстазы  ауылдасы ағасы, белгілі өнер шебері марқұм Пахаман Бүркітбайұлы Құттымұратов еді. Жоғары білімді  Шымкент  университетінде оқып алды.

Халықаралықтан бастап аудандық деңгейге дейінгі конкурстардың лауреаты.  Кейіннен өзі де шәкірт тәрбиелеумен аййналысып, 2013 жылы еңбек жолын бастайды.  Облыс орталығындағы  Тауман  Амандосов атындағы орта мектепте,  Еркінқала балалар саз мектебінде, Атырау селолық балалар музыка мектебінде ұстаздық етті, кейіннен Құрманғазы мәдениет  үйінде жұмыс істеді. Шәкірттері де түрлі байқауларға қатысып, топ жарып ұстаз мерейін асырды. Жұмыс жасай жүріп  өзінің дәстүрлі әндер айту өнерін де тастамады.

890b8737-5501-4745-9c37-268718c8cd28

Гүлжайна Ғибатоллақызы  қазіргі кезде өнер ордасы Алматыға келіп,   үлкен сахнада ән салып, халыққа танылып үлгерген дәстүрлі әнші әрі термеші. Заманға сай эстрада жанрында да ән орындап жүр. Атқарып жатырған қызметі Алматы облысы, Сарыөзек ауылындағы мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі. Сондай-ақ, Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте музыка пәнін сабақ  береді.  Өзінің жеке шығармышылық орталығы да бар. Онда баулыған шәкірттерінің жетістіктері де жоқ емес. Қазірдің өзінде біраз байқауларға қатысып, жүлдеге ілігіп жүр. Тәуелсіздік 30 жылдығына арнап,  тәуелсіздік құрдасы  ретінде және өзінің туған жеріне арнап авторлық әнін жарыққа шығарды.  Бұл ән көрерменге әлеуметтік желі арқылы  жол тартты. Жақында өткен «Zhulduz.tv» мен «Muzlive» өткізген «Жыл таңдауы - 2021» байқауында жылдың ең үздік әншісі номинациясын  иеленді. Өнер көгінде жұлдызың жайнай берсін, Гүлжайна!

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521