Үздіктер қатарынан көрінді

(54 Votes)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне «Қазақстан – спорттық ұлт» жобасы аясында үстел теннисінен өткен облыстық іріктеуде құрманғазылық жас спортшылар өз топтарында үздіктер қатарынан көрінді.

zdikter-atarynda

Ұлдар арасындағы жекелей сында Абай атындағы орта мектептің оқушылары Арсен Маратов бірінші орынды, Махмуд Русланұлы үшінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, Нұрасыл Ерталиев үшеуі бірігіп командалық ойында күміс жүлдеге қол жеткізді. Қыздар арасындағы жекелей сында М.Әуезов атындағы орта мектептен Мелисса Бисен жеңімпаз атанса, Маржан Болатбекова қола медальды қанжығалады. Назерке Маратова, Аружан Болатбековамен команда құраған біздің қыздар өз тұрғыластарынан озық шығып, жеңімпаз сатысының ең биік тұғырынан көрінді. Балғын теннисшілерді балалар-  жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлері Марат Джанханов пен Мерей Уахашев жаттықтырды.

img-20210226-wa0028

zdikter-atarynda2

А.МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521