Қысқы ойындар сайысында

(0 Votes)

Абай атындағы жалпы орта мектепте «Әкем, анам және біз» атты қысқы ойын түрлерінен отбасылық сайыс өткізілді.

Отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға 3-5 сыныптың оқушылары ата-аналары және іні-қарындастарымен бірге қатысты. Қызыққа толы ойын «Таныстыру», «Шанамен жарыс», «Шынықсаң, шымыр боласың», «Аққала жасау», т.б. бөлімдерден тұрды. Отбасылардың спортқа деген қабілеті байқалған сайыста ата-ана мен бала жылдамдық пен ептіліктерін көрсетіп, бірлік пен татулық қарым-қатынастарын нығайта түсті.

Жарыс қорытындысымен барлық кезеңдерден мүдірмей өткен Қоңқаевтар отбасы жеңімпаз атанса, ІІ орынды Гайсиндер мен Құбашевтар отбасы өзара тең бөлісті. ІІІ орынға Мұқашевтар, Айдаралиевтер отбасы лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мектеп ұжымы атынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT