16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 2007-2010 жылы туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан Құрманғазы аудандық БЖСМ- нің ұйымдастыруымен аудандық жарыс өтті.
Жарысты БЖСМ-нiң директоры Әдебиет Ердешов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледi. Cайыста бес мектептiң командалары бақ сынады.
Нәтижесінде жүлделі І орын Қиғаш орта мектебіне тидi. ІІ орынды Құрманғазы БЖСМ-нiң бірінші, III орынды екінші командасы жеңіп алды.