Волейболдан турнир

(0 Votes)

Аудан спортының дамуына елеулі үлес қосқан спорт ардагері, Жаңаталап ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сапарғалиев Серік Сахимеденұлының 70 жасқа толуына орай, Хиуаз ауылында мұғалімдер арасында волейболдан турнир өтті.

Сайысқа спортшы ұстаздардан құралған 7 команда қатысып, нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі жүлделі І-орын, Абай мектебі ІІ-орын, Оңайбай Көшеков атындағы Атырау Агро-техникалық колледжі ІІІ-орын иеленді.

Сондай-ақ, үздік ойын үлгісін көрсеткен Мерей Құспанов (Бегалиев орта мектебі), Нұрболат Қатимов (Абай орта мектебі), Нұрлыбек Өтегеновке (Атырау Агро-техникалық колледжі) мерейгердің ұрпақтары атынан ақшалай сыйлық табыс етілді.

Жеңімпаз командаларды ауданның Құрметті азаматы, ардагер спортшы Мадат Сәрсекеев құттықтап, диплом, кубок және 50000, 30000, 20000 теңгелік жүлдемен марапаттады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521