Үлкен Ганюшкин ауылының елге елеулі еңбек етіп, өнегелі жолын қалдырған азаматарды еске алу мақсатында волейболдан Мон-Бан ішілік турнир өтті.
Спорттық додаға ауыл жастарынан құралған 6 команда қатысты. Нәтижесінде, Алғыс хатпен 1998-2000 және 1986-1989, ІІІ орынмен 1982-1984, ІІ орынмен 1996-1997 жылы туғандар марапатталса, ардагерлер тобы І орынды иемденді.
Сонымен қатар, «Үздік қорғаушы» - Ренат Кадыров, «Үздік шабуылшы» - Нұрбай Мнафихов, «Үздік ойыншы» - Әдебиет Ердешов атанды.
Осы ретте, Абай атындағы жалпы орта мектебінің директоры Жамал Әдебиетқызы мен ауыл тұрғындарына ризашылығымызды білдіреміз.