Волейболдан өткен турнир

(0 Votes)

Аудан спортының дамуына елеулі үлес қосқан, спорт шебері, мектебіміздің ардагер ұстазы Қайырбек Мұфтахиденұлының туғанына 60 жыл болуына орай мектебімізде мұғалімдер арасында волейболдан аудандық ашық турнир өткізілді.  

Еске алуға арналған турнирге 9 команда қатысып, бақ сынасты.  Тартысты өткен ойын нәтижесінде 1 орынды Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі иемденді. Ал, 2 орын Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі, 3 орын  Абай атындағы жалпы орта мектебіне бұйырды.  Сонымен қатар, “Өрт сөндіру “ командасының капитаны Нұржан Қойшығұлов «Үздік ойыншы» атанды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, диплом және кубокпен, медальдармен марапатталды.

zharys-monban

 

Нұртілек Нұрбекұлы

И.Панфилов атындағы орта мектеп  ДТЖО

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT