Волейболдан өткен аудандық турнир

(0 Votes)

Аудандық дене шынықтыру спорт бөлімі және Құрманғазы аудандық қорғаныс істер бөлімімен бірлескен түрде ҚР Республикалық Ұланның құрылғанына 30 жыл толуына орай волейболдан ерлер арасында аудандық турнир өткізді.

Жарысқа 40-қа жуық спортшы қатысты. Ашылу салтанатында аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов, Құрманғазы ауданының  қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Ернар Мұхамбетқалиев, ҚР Республикалық ұланына  ауданнан алғашқы борышын өтеген Бақдаулет Смағұлов сөз сөйледі. Жарыс қортындысымен І орынды «Еңбекші»  командасы жеңіп алды. ІІ, ІІІ орындардан  «Жанаталап»,  «Құрманғазы» командалары көрінді. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымы Байда ауылдық округінің командасына берілді. Еркебүлан Хамеденов «Үздік ойыншы», Бақдаулет Захарбаев «Үздік үйлестіруші» аталымдарын иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегелерге кубок, диплом және медальдар  табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT