Нұржау ауылдық спорт кешенінде Құрманғазы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» тақырыбында 2011-2012 жылы туған қыздар арасында волейболдан аудандық ашық турнир өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп командасы І орынды иеленді. Гагарин атындағы орта мектеп командасы ІІ орынға тұрақтаса, Құрманғазы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы ІІІ орынды қанағат тұтты.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен медальдар табысталды.
Елдос Жанқуат, Еркін Дүйсемалиев
Құрманғазы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол жаттықтырушылары


