Токио 2020: Ел қоржыны тағы бір қола медальмен толықты

(0 Votes)

Каратэден 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов Токио Олимпиадасының жартылай финалдық кездесуін сәтсіз аяқтады.

«А» тобында сынға түсіп, барлық қарсыластарынан басым түскен Дархан Асаділов өз тобында бірінші алды.

Алайда, жартылай финалда Дархан «В» тобының көшбасшысы, франциялық Стивен да Костамен кездесіп, 2:5 есебімен жеңіліс тапты.

Осылайша, отандасымыз Токио Олимпиадасының қола жүлдесін қанағат тұтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT