Тараз қаласында жасөспірімдер арасында таеквондодан Қазақстан Республикасы чемпионаты өтіп, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 580-ге жуық спортшы қатысты.
Ал Атырау облысынан 37 спортшы бақтарын сынады. Ауданымыздың намысын қорғаған Абай мектебінің оқушысы 37 келі салмақ дәрежесінде Нұрайлым Бақытжанқызы жүлделі ІІ орынды иемденді. 53 келі салмақ дәрежесінде Бекжан Бақытжанұлы ІІІ орыннан көрінді. Ағалы-қарындасты бауырлар осындай жүлделерге ие болды.
Оларды жарысқа дайындаған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жаттықтырушысы Руслан Аманғалиев.