Таэквондошылар табысы

(0 Votes)

Таэквондо ауданымызда жақсы дамып, онымен шұғылданушылар бірқатар жақсы жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Кейінгі кездері түрлі жарыстарға барып, бақтарын сынап, жеңіс тұғырынан көрініп жүргендердің ішінен бір үйдің балалары Бекжан Бақытжанұлы мен Нұрайлым Бақытжанқызын бөліп айтуға болады.

Түрлі байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап жүрген таэквондоның жас тарландары жақында тағы да топ жарды. Болашақта Атырау өңірінен шыққан Арман Шілманов, Лия Нуркина сияқты мықтылар болатынына сенім ұялатады.

Нұрайлым Катар елінің астанасы Доха қаласында кадеттер арасында өткен «Qatap taekwondo international open championship» халықаралық турнирде 51 келі салмақ дәрежесінде күміс медальға ие болды. Бекжан болса Өзбекстанның Наманган шахарынан «Uzbekistan open G-1 Namangan international taekwondo tournament» халықаралық турнирінде топ 63 келі салмақта топ жарып, чемпион атанды.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT