Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде 2020 жылдың 25 және 30 қаңтар күндері "Экстремизм және терроризмге қарсы" атты ұранымен ерлер және әйелдер арасында Стритболдан аудандық біріншілік өтті.
Жарысқа Орлы, Нұржау, Дыңғызыл, Жаңаталап, Көптоғай, Кудряшов, Еңбекші, Байда, Құрманғазы жастар, Құрманғазы ардагерлер және РТС командалары қатысты, оған 60-тан аса спортшылар жақсы ойын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Ерлер арасында:
І орынды Құрманғазы жастар командасы.
ІІ орынды Құрманғазы ардагерлер командасы.
ІІІ орынды -Жаңаталап ауылдық округінің командасы.
Жеңіске деген жігері үшін - Байда ауылдық округінің командасы.
Әйелдер арасында:
І орынды Кудряшов ауылдық округінің командасы.
ІІ орынды Еңбекші ауылдыық округінің командасы.
ІІІ орынды -Дыңғызыл ауылдық округінің командасы.
Жеңіске деген жігері үшін - Көптоғай ауылдық округінің командасы. Жеңімпаздар мен жүлдегелерге бөлім атынан Кубок, диплом және медальдармен марапатталды.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі