«Спорттық бағдарлау» жарысы

(0 Votes)

Спорттық бағдарлау – бұл қызықты да тартымды, белсенді демалыстың тамаша бір бұқаралық түрі. Бұл спорт түрімен әр-түрлі спорттық біліктілігі бар және дене дайындығы арқалай жас ерекшеліктері бойынша үлкені де, кішісі де айналыса алады.

Спорттық бағдарлау барысында дене бұлшықеттерінің қозғалысы ғана емес, ойлау қабілетін де қажет етеді.Сондықтан 2023 жылдың 21 сәуір күні «Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудан мектеп оқушылары арасында «Спорттық бағдарлау» жарысы өтті. 2006 жылы туған 2007-2008 жылы туған 2009-2010 жылы туған 2011-2012 жылы туған оқушылардан 60 оқушы қатысты. 2006 жылы туған ұлдар арасында І орын Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Серік Ержан. ІІ орын Сарсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Зинулла Бекнұр. ІІІ орын Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Асқарұлы Асылбек алса, қыздар арасынан І орын Ауезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Бауыржанқызы Бекзада, ІІ орын Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сатыбалдиева Дильназ, ІІІ орын Сарсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Микоян Жұлдыз қол жеткізді.

2007-2008 жылы туған ұлдар арасында І орын Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Уагапов Аниар, ІІ орын Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Манасұлы Мансур, ІІІ орын Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Қуанышұлы Данияр алса, қыздар арасында І орын Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушысы Скандарбекова Дана, ІІ орын Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Музафар Айсана, ІІІ орын Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Жоламанова Альфинур иеленді.

2009-2010 жылы туған ұлдар арасында І орын Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Қажиетов Ерасыл, ІІ орын Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысыАманбай Мақсат, ІІІ орын Сарсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Құсайын Сәттібек алса, қыздар арасында І орын Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушысы Қазыбекқызы Данара, ІІ орын Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сахташева Асельхан, ІІІ орын Ажгалиева Ақерке жеңімпаз атанды.

2011-2012 жылы туған ұлдар арасында І орын Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушысы Сәлімжанұлы Нұрхат, ІІ орын Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Болатұлы Мансур, ІІІ орын Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Наурызғали Жанарыс алса, қыздар арасында І орын Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушысы Жақсылыққызы Ақерке, ІІ орын Ауезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Қуанғалиқызы балауса, ІІІ орын Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Алекс Айсана жеңіске қол жеткізді. Жарыстың жеңімпаздары Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінің дипломдарымен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521