Мұғалімдер спартакиадасының жеңімпаздарын ұлықтау шарасы «Бәріміз кроссқа» жүгіру марафонымен басталды.
Жарыс жолына шыққан жүздеген жүгірушілер ішінен әйелдер арасында Б.Бегәлиев жалпы орта мектебінің қызметкері Еділ Молдашева мәреге бірінші болып жетті. Ерлер сынында Абай атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дәурен Дүйсенғалиевке тең келері болмады.
Тәуелсіздік алаңында өткен «Ұстаз, саған мың алғыс» атты салтанатты шарада аудан әкімі Қайрат Нұртаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құлбаева құттықтау сөздерін арнап, ұзақ жыл шәкірттерін спортқа баулыған ардагер ұстаздарға Алғыс хаттар, спартакиада жеңімпаздарына жүлделер табыстады.
А.НӘЖІМОВ