Осындай тақырыппен Алматы қаласы дзюдо академиясындағы оқу-жаттығу жиынына барып, Таразда өткен ҚР топаралық чемпионатына қатысып келген Әділет Мұхтарұлы, Нұрлыбек Дәулетбайұлымен, дзюдо күрес спортының жаттықтырушысы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Серікбол Аманғалиұлымен сыр-сұхбат ұйымдастырылды.
Кеш қонақтарына жасұландықтар сұрақтарын қойды. С.Аманғалиұлы өзінің шәкірттерімен дзюдо күресінің әдіс-тәсілдерін көрсетті. Мектеп директоры Г.Жахимқызы балғын спортшылар Әділет пен Нұрлыбекке сәттілік тілеп, ата-аналарына алғыс хатын табыстады.
Жанаргүл Кеңесқызы,
«Жас Ұлан» ұйымының атқарушы хатшысы.