Ақ халаттылар мерекесіне орай Senim денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы РБҚ-ның Атырау филиалының ұйымдастыруымен облыстық спорттық жарыс өтті.
"Салауатты өмірді ұстану - біздің басты мақсатымыз" атты спартакиадасында ерлер арасында футбол, әйелдер арасында волейбол ұйымдастырылды. Аталмыш додаға аудандық аурухананың 16 қызметкері қатысып, нәтижесінде, футболдан ерлер құрамасы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Ал, ойын барысында белсенділік танытқан Бибігүл Сейтжановаға "Үздік қорғаушы" атағы бұйырды. Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлығы мен марапаттау қағазы табысталды.
Руслан Насихан,
Аитв/Житс дәрігері