Желтоқсан айының 14-15 күндері аудандық денешынықтыру кешенінде “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен “ATAMEKEN CUP 2024”кіші футболдан аудандық турнир өтті.
Аталмыш турнирге аудан бойынша барлығы 20 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Сонымен бірге, бұл турниде Атыраулық легионерлер де өнер көрсетті.
Тартысты өткен доданың шешуші ойынында “Шортанбай” командасы биылғы жазда өткен “Құрманғазы 2024” лигасының чемпионы “РТС” командасын 4 - 2 есебімен ұтып, турнир жеңімпаз атанды.
Турнир қорытындысы төмендегідей:
І орын - Шортанбай командасы;
ІІ орын - РТС командасы;
ІІІ орын - Мон-Бан командасы.
“Шортанбай” командасы төмендегідей құрамда өнер көрсетті:
1. Султангереев Гамзат
2. Салыхов Жангелді
3. Еділбаев Наурызбек
4. Дауталиев Ерсұлтан
5. Усербаев Рашид
6. Ищанов Бахытбек
7. Татенов Ербол
8. Ситжанов Жалғасбек
9. Нуриденов Дархан
10. Қабдоллаев Айдарбек
Ауыл командасын жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы болатын жарыстарда тек сәттілік тілейміз!
Шортанбай ауылдық округ әкімі аппараты ММ