Шортанбай-2024 кубогі

(0 Votes)
Шортанбай ауылдық денешынықтыру кешенінде жыл сайынғы дәстүрлі кіші аяқ добынан «Шортанбай кубогі 2024» жарысы өтті.
 
Биылғы жарыстың ұйымдастырушылары 2001 жылы туған ауыл жастары. Аталмыш жарысқа әр жылғылардан құралған барлығы 18 команда қатысты.
Ашылу салтанатында биылғы жарысты ұйымдастырушы 2001 жылғы жастардың құрдасы, ауыл тұрғыны Айтжанов Алтынбек Маратұлын еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жарияланды.
 
Одан әрі, округ әкімі М.Гумаров, ауылдық денешынықтыру кешенінің директоры Ғ.Өтепов құттықтау сөз сөйлеп, жарыстың ашылуымен құттықтап, өткізіліп жатырған жарыстың маңыздылығына тоқталып, спортшыларға сәттілік тіледі.
 
Жарыс тартысты әрі қызықты өтіп, нәтижесінде:
 
🥇орын - 2000 жылғылар;
 
🥈орын - 1991 жылғылар;
 
🥉орын - 1993 жылғыларға бұйырды.
 
 
 

 
Сондай-ақ, жарыста тамаша ойынымен көзге түскен ойыншылар да марапатталды.
 
«Үздік ардагер ойыншы» номинациясы:
Мұхамбетов Бауыржан
 
«Үздік шабуылшы» номинациясы:
Сүндетов Айдарбек
 
«Үздік қақпашы» номинациясы:
Галимов Сырымбек
 
«Үздік қорғаушы» номинациясы:
Базарбаев Нұрболат
 
«Үздік ойыншы» номинациясы:
Дауталиев Аслан
 
Жарыс соңында жеңімпаз командаларға кубок, медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
 
 
Осы дәстүрлі жарысты ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқан барша ауыл жастарына округ тұрғындары атынан ризашылығымызды білдіреміз.
 
Шортанбай ауылдық округ әкімі аппараты ММ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521