Атырау қаласында өткен республикалық ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындарына іріктеу жарысында Құрманғазы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұл-қыздары командасы үстел теннисінен командалық ойында І орынды жеңіп алды.
Құрамадағы Болатбекова Аружан, Бисен Мелисса, Тұрлан Айша, Ерталиев Нұрасыл, Сағатов Жасұлан, Русланұлы Махмуд Талдықорған қаласында жалауы көтерілетін республикалық жарысқа жолдама алды.
Кішкентай шарды үстел үстінде қақпақылдай қағып шебер қимылдайтын жас теннисшілерді жарысқа жаттықтырушылар Джанханов Марат, Уахашев Мерей дайындады. Жетісу жерінен жеңісті күндердің жалғасын күтеміз.
Қуаныш АҚЫЛБАЙҰЛЫ