Құрманғазылық жас спортшылар тамаша табысқа қол жеткізді

(0 Votes)

Шығыс жекпе-жегінің әдемі әрі тартымды түрлерінің бірі - кикбоксингпен шұғылданушылар қатары күннен-күнге көбейіп келеді.

Орталыққа жақын мектептердің оқушылары аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде шеберліктерін шыңдаса, ішкі бойдың спортшы жасөспірімдері Кудряшов ауылдық үйірмесіне топтастырылды. Мұндағы балғын кикбоксшыларды жас бапкер Нұрлыбек Сәрсенғалиев баулиды. Ептілер мен жүректілердің спортына жас жеткіншектерді ерінбей-жалықпай үйрете білген жаттықтырушының жеткен жетістіктері аз емес.

Жақында Атырау қаласының күніне орай жасөспірімдердің ашық қалалық біріншілігіне өз шәкірттерін бастап барды. Ғ.Мүсірепов атындағы мектептің оқушысы Бексұлтан Сұлтанғалиев, Қ.Мырзәлі атындағы мектептің оқушылары Саят Тілеш, Нұрасыл мен Ерасыл Ержанұлдары өз салмақ дәрежелерінде жақсы өнер көрсетіп, үшінші орынға көтерілді. Бұл ашылғандарына аса көп уақыт болмаған кикбоксинг үйірмесі үшін тамаша табыс деуге болады.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521