ҚҰРМАНҒАЗЫЛЫҚ ЖАС БАЛУАНДАР ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

(0 Votes)

Ақтөбе қаласындағы Ғалымжан Байниязов атындағы спорт клубының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында 2010-2011-2012-2013-2014-2015 жылы туған балалар арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті.

Жарыста БҚО, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан жалпы саны 600-ге жуық жас спортшылар бақ сынады. Турнирге Ақкөл ауылындағы Құрманғазы ауданының балалар мен жасөспірімдер мектебінің 8 шәкірті қатысты. Оларды жаттықтырушы Артур Ажғалиев бастап барды.

Турнир нәтижесі бойынша, 23 кг салмақ дәрежесінде Ибраһим Зинеден 1-орынды, 55 кг салмақ дәрежесінде Ерасыл Ғалымжан 2-орынды иеленді. Сондай-ақ Санжар Ғазиз (26 кг салмақ дәрежесінде), Жалғас Еркінұлы (23 кг салмақ дәрежесінде) және Нұркен Бердіғали (38 кг салмақ дәрежесінде) 3-орынға ие болды. Жарыс жеңімпаздары медальдар және дипломдармен марапатталды.

t

top-zhardy2

t

t

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT