Теннисші қыздар командалық сайыста күміс жүлдеге ие болды.
Жетісу облысында өтіп жатырған ауыл жасөспірімдер ойындары аясында үстел теннисі бәсекелері мәресіне жетті.
Атырау облысының қыздар құрамасы командалық сайыста күміс медаль жеңіп алды. Облыс құрамасында Бисен Мелисса, Булатбекова Аружан, Амандыққызы Айнара ойнады.
Айта кету керек, қыздар құрамасы Құрманғазы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері болып табылады. Жаттықтырушысы Джаханов Марат.
Ойындар қорытындысында теннисшілер жалпы командалық есепте алтыншы орынға ие болды.